Оралда заңсыз алынған жер кондоминиумға қайтарылды

674

Тұрғындар ортақ қолданысқа арналған жерді қорғап қалды. 

Оралда заңсыз алынған жер кондоминиумға қайтарылды

Батыс Қазақстан облысының орталығында тұрғын үй ауласының бір бөлігі жекенің меншігіне заңсыз өтіп кеткен. Бұл бассыздыққа Д.Қонаев атындағы шағын аудан тұрғындары бейжай қарамай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жүгінген болатын. Бұл істері нәтиже берген сияқты. Тіпті, әкімдік заңсыз беріліп кеткен жерге балалар алаңын салып береміз деп құрақ ұшып отыр.

"Осыдан бір ай бұрын әлеуметтік желі арқылы Орал қаласының Қонаев атындағы шағынаудан тұрғындары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тұрғын үй салу кезінде жалпыға ортақ жер телімінің заңсыз алып қойылғаны туралы шағымданған болатын. Агенттіктің БҚО-дағы департаменті мәселенің мән-жайын анықтап, Орал қаласының әкімдігімен бірге шешім ұсынды. Соның арқасында қосымша жер телімі кондоминиумға қайтарылды. Келешекте бұл аумаққа әкімдік балалар алаңын салатын болды", – деп жазады агенттіктің баспасөз қызметі. 

Кері кеткен істің қайта қаралып, әділетті шешім орнағаны үшін тұрғындар агенттік басшылығына алғыс айтқан да көрінеді.

Жалпы өткен 9 айда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 21 740 арыз-шағым түскен екен. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 14% артық (18 733).  Соның ішінде 6 330 өтініш (29%) орталық аппаратқа жолданған.

Есжан Ботақара 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу