Оралда заңсыз микрокаржылық қызмет жүргізгендерге тергеу басталды

160

Ұйымның табысы 128 млн теңгеден асады.  

Оралда заңсыз микрокаржылық қызмет жүргізгендерге тергеу басталды Фото: Видеодан скриншот

Қаржылық мониторинг агенттігі Орал қаласында заңсыз микрокаржылық қызмет жүргізу ісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тергеу мәліметтері бойынша, "Аванс 07" ЖШС-нің басшысы тиісті лицензиясыз азаматтарға зергерлік бұйымдарды кепілге алып, ақша беруді ұйымдастырған. Аталған қызмет "Уральск Золото" атты комиссиондық дүкеннің жұмысы ретінде көрсетіліп, жасырын түрде жүргізілген.

Қарыздар комиссия шарттары арқылы рәсімделген, ал пайыздық төлемдер зергерлік бұйымдарды сақтау қызметінің ақысы ретінде көрсетілген. Осы заңсыз қызметтің нәтижесінде 2 мыңнан астам қарыз берілген.

"Қылмыстық жолмен алынған табыс көлемі 128 млн теңгеден асты. Сот санкциясымен күдіктінің автокөлігі мен 6 млн теңге көлеміндегі қолма-қол ақшаға тыйым салынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр", – делінген агенттік хабарламасында.

Сот санкциясымен күдіктінің автокөлігі мен 6 млн теңге қолма-қол ақшаға тыйым салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу