"Заңсыз табыс": Оралда жоғары пайызбен шағын несие бергендерге тергеу басталды

173

Қарыз алушылар күніне 1,5% мөлшерінде үстемақы төлеген.  

"Заңсыз табыс": Оралда жоғары пайызбен шағын несие бергендерге тергеу басталды Фото: kmf.kz

ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті прокуратурамен бірлесіп Орал қаласында лицензиясыз микрокаржылық қызмет көрсеткен тұлғалар тобына қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тергеу мәліметінше, соңғы бес жылда күдіктілер "Жылдам ақша" деген атаумен танылған филиалдар желісі арқылы 1,5 миллиард теңгеден астам сомаға микрокредиттік келісімшарттар жасаған. Азаматтармен шарт жасасу барысында лицензиясы жоқ болса да, олар бұл қызметті микрокаржы ұйымы ретінде жүргізіп отырған.

Несиеге қосылатын жоғары пайыздар бөлек шарт арқылы "кеңес беру қызметі" ретінде рәсімделген. Бұл қызметтер күдіктінің туысына тіркелген ЖШС арқылы жүзеге асқан. Осы тәсіл арқылы заңнан жалтару және жоғары табыс алу мақсат етілген.

Қарыз алушылар күн сайын 1,5% мөлшерінде үстемақы төлеуге мәжбүр болған. Бұл заңмен белгіленген шекті мөлшерлемеден 0,3% яғни  бес есеге артық. Нәтижесінде 47 мыңнан астам несие заңсыз жолмен, аса жоғары пайызбен берілген.

Алдын ала есеп бойынша, заңсыз табыс көлемі 917 миллион теңгені құраған. Сот санкциясымен күдіктілерге тиесілі бір өндірістік-коммерциялық нысан мен бір пәтерге тыйым салынды.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу