Оралда зейнеткерді өлтірген 4 балалы ана 16 жылға сотталды

420

Ол жазасын орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Оралда зейнеткерді өлтірген 4 балалы ана 16 жылға сотталды Фото: depositphotos.com

9 тамызда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 9 наурызда Зачаганск кентіндегі жеке үйлердің бірінде болған зейнеткерді айуандықпен өлтіру бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz mgorod.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйел Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Қатыгездікпен кісі өлтіру" және 192-бабы "Тұрғын үйге заңсыз кіру арқылы тонау" бойынша кінәлі деп танылды. Судья оны 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге үкім шығарды. Сотталушы сот залында қамауға алынды.

Сондай-ақ, сотталушы қайтыс болған зейнеткердің туыстарына 10 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуі тиіс.

Соттың бұл шешімімен айыпталушының өзі және оның қорғаушылары келіспеді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, 2022 жылдың тамызында зейнеткерді өлтірді деген күдікті тергеу изоляторында төртінші баласын дүниеге әкелген. Содан кейін әйелге қатысты бұлтартпау шарасы өзгертіліп, сотқа дейін үйқамаққа алуға рұқсат етілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу