Оралда Жайық өзенінің деңгейі 858 сантиметрге жетті

195

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Оралда Жайық өзенінің деңгейі 858 сантиметрге жетті Фото: ТЖМ

Орал қаласындағы Жайық өзенінде су деңгейі 8 сантиметрге көтеріліп, 858 сантиметрге жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, су деңгейі 858 сантиметрді құрайды.

Осы сағатқа дейін құтқарушылар:

  • бөгеттер тұрғызды және нығайтты;
  • уақытша топырақ үйінділері жабдықталды.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында құтқарушылар тәулік бойы жұмыстарды жалғастыруда.

 Мәселен, күндіз саяжай алқаптарында қалып қойған адамдарды эвакуациялау жұмыстары атқарылды. 

Ал қазіргі уақытта олар қаптарды инертті материалдармен толтыру және төсеу бойынша жағалауды қосымша нығайту жұмыстарын жүргізуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу