Оралда жалаңаш билегендер жазаланды

2726

Кәсіпкер айыппұл, аудан әкімі сөгіс арқалады.

Оралда жалаңаш билегендер жазаланды

Оралдағы жағажайда жалаңаш би кешінде көзге түскен белсенділердің кімдер екені анықталды. Енді мас күйде жалаңаштанып билеген жастардан бөлек, карантин талабын бұзған жағажай иесі мен жалға алушы да жауапқа тартылды, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Айта кетейік, 18 шілде күні Орал қаласындағы "Ванильные берега" жағажайында түнгі сағат 2.00 шамасында мас күйінде би жарысын ұйымдастырған жастар оның шарты бойныша жалаңаштанып шешінуі керек болған. Кейін "көңілді кештің" видеосы көпшілікке тарап кетеді.

"Жағажайдағы кештің үш белсенді қатысушысының жеке басы анықталды. Жастарға қатысты 434-баптың 1-бөлігі ("ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды. Іс БҚО Бәйтерек ауданының №2 аудандық сотымен қаралды. 28 жастағы ер адам кінәлі деп танылып, оған 10 тәулікке әкімшілік қамау түріндегі әкімшілік жаза тағайындалып, 20 жастағы әйел бес тәулікке қамалды", – деп хабарлайды БҚО облыстық сотының баспасөз қызметі.

Ал БҚО бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Мұхаметғали Арыспаев мәлімдегендей, қазіргі күні "қызыл аймаққа" еніп тұрған өңірде мұндай көпшілік шараларға тиым салынғандықтан кәсіпкерлерге 230-310 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынбақ, ол 670 910 - 904 270 теңге аралығын құрайды. Сондай-ақ, жазалау шарасынан жергілікті басшылық та тыс қалған жоқ. Бұл жағдай бойынша Бәйтерек ауданының әкіміне сөгіс жарияланды. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу