Орал қаласы аумағында патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында Toyota Hilux маркалы автокөлікті тоқтатты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тексеру кезінде аталған көлік құралына қағаз түрінде жасалған, сыртқы көрінісі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісіне ұқсас жалған нөмір орнатылғаны анықталды.
Нөмірлік белгі заң талаптарына сәйкес келмейді. Осыған байланысты көлік жүргізушісі Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бойынша жазаланды.
Оған мынандай айыптар тағылды:
- көлiк құралына көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсiн орнату;
- көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсi бар көлiк құралын басқару;
- мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсiн сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолданыла отырып жабдықталған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi бар көлiк құралын басқару.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу