Оралда жаңа үлгімен 37 аялдама орнатылады

1022

Оралда жаңа үлгімен 37 аялдама орнатылады

Оралда жыл соңына дейін жаңа үлгідегі 37 аялдама орнатылады. "Қауіпсіз аула" жүйесі бойынша жергілікті бюджет есебінен 200 бейнебақылау камерасын қою жоспарланған. Қазір қалада 2 жарым мың оқушыға есептелген 4 мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Тағы үш білім ордасы мен 8 балабақша күрделі жөндеуден өтті, деп хабарлайды khabar.kz.

Шаһар басшысының айтуынша, келер жылдың еншісінде 30-ға жуық балалар алаңы мен спорт алаңын салу, пәтер иелері кооперативтерінің жұмысына электронды жүйе енгізу және сыртқы жарықтандыру жүйесін автоматтандыру бар.

Қаладағы жолдардың жалпы ұзындығы – 615 шақырым. Соның тек тең жартысы ғана талапқа сай. 315 шақырым жолда асфальт мүлде жоқ. Бұл барлық жолдардың 30 пайызы қайта жөндеуді талап етеді деген сөз. 

"Бұл көрсеткіш жыл басында 50 пайыз болатын, үстіміздегі жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде тозығы жеткен жолдардың көлемі 20 пайызға кеміп отыр. 2017 жылы жол жөндеуге барлық қаражат көздерінен  8 миллиард 100 миллион теңге бөлінсе, аталған қаражатқа қаланың 67 көшесінің 72 шақырым жолдары жөнделді. Соның қазіргі таңда 67 көшенің 61-і толығымен бітіп, қалған 6 көшені жөндеу жұмыстары келесі жылға ауыстырылды", - дейді қала әкімі Мұрат Мұқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу