Бүгін Орал қаласында Украинская көшесі бойында шаруашылық құрылысы мен жеке тұрғын үйде өрт шығып, кейін жалын көрші үйдің шатырына тараған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сондай-ақ құтқарушылар жер үйден бір газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алды.
Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде өрттің таралуы тоқтатылып, көрші үй оттан аман қалды.
Өрт жалпы 170 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу