Оралда жасөспірімді ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

98

Оқиғаның өткен жылдың қазан айында болғаны анықталды. 

Оралда жасөспірімді ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды Фото: psy.su

Оралда жасөспірімнің соққыға жығылғаны жөнінде әлеуметтік желіде бейнежазба тарады. Бейнежазбада екі жасөспірімнің жабылып бір баланы ұрып жатқаны анық көрінеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Департаменттің мәліметіне қарағанда, барлық қатысушылар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Жасөспірімдер жасаған бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Жасөспірімдердің ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу және білім беру бойынша міндеттерін орындамау дерегі бойынша материал жинақталды.

"Барлық материал кәмелетке толмағандар істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына жіберілді. Сонымен қатар кәмелетке толмағандар жасаған құқық бұзушылық әрекеттер туралы хабарламау дерегі бойынша қалалық білім беру бөлімі атына ұйғарым шығарылды. Қазіргі кезде жәбірленушіге қажетті психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Онымен психологиялық қолдау орталығының мамандары жұмыс істеп жатр. Оған қоса аталған дерек бойынша қылмыстық іс те қозғалды. Қылмыстық істі тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында", – деп хабарлады ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу