Оралда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

429

Зардап шеккен ер адам амбулаториялық емге жіберілді. 

Оралда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті Фото: Уральская неделя

Орал қаласында жаяу жүргіншілер өткелінде ер адамды көлік қағып кетті, деп жазады inbusiness.kz mgorod.kz порталына сілтеме жасап.

Оқиға 20 қыркүйек күні сағат 16.00 шамасында болған.

“Типография” аялдамасына қарама-қарсы жаяу жүргіншілер өткелінде ВАЗ-21120 көлігінің жүргізушісі 1971 жылы туған ер адамды қағып кетті”, - деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Зардап шеккен адам облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Мамандар оны тексеріп, амбулаториялық емге жіберген.

Жәбірленуші жүргізушіге ешқандай шағымы жоқ екенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу