Оралда қалалық мәдениет және демалыс саябағы аумағында жазғы кафе өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 1 шілде күні болды.
"Сағат 09.50-де Қ.Рысқұлбеков көшесі 1/4-мекенжайында аумағы 280 шаршы метр "У фонтана" жазғы кафесі жанып жатқаны жөнінде хабар түскен. Сондай-ақ соған жалғас тұрған 25 шаршы метр әкімшілік ғимаратының төбесі отқа оранды. Оқиға орнынан 1 көмірсутегі баллоны шығарылды. Өртті сөндіруге 20 адам, 5 техника жұмылдырылды. "Тілсіз жау" сағат 10.15-те оқшауланып, 10.32-де ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде оқиғаның шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде", деп хабарлады ведомстводан.