Оралда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

848

Үш адам зардап шекті.  

Оралда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

Оралда "Лада" автокөлігі жедел жәрдем көлігімен соқтығысты. Ақ халаттылар жеделдігі жағынан екінші деңгейдегі шақыртуға асығып келе жатқан, - деп жазды inbusiness.kz  тілшісі.

Оқиға 20 қыркүйек күні сағат 20.30 шамасында қаладағы М. Шолохов пен С. Тюленин көшелерінің қиылысында болған. Жол апатынан жедел жәрдем көлігі аударылып, ондағы үш адам зардап шегеді.

"2001 жылғы санитардың кеуде тұсы, 1993 жылғы фельдшердің омыртқа тұсы көгерген, қазір екеуі де амбулаторлық ем алуға жіберілді. 1994 жылғы жүргізуші басынан, жамбасынан жарақат алды", - дейді БҚО облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Белгілі болғандай, жол апаты кезінде жедел жәрдем бригадасының жарық және дыбыс белгілері іске қосулы болған. Айта кететіні, биыл 27 мамыр күні де дәл осы қиылыста жедел жәрдем көлігіне сол жақтан көлік соғып, ол бір жағына қарай аударылып кеткен еді. Ол кезде көлікте болған жүкті әйел зардап шекпеген.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу