Орал қаласында жеңіл көлік жедел жәрдем көлігімен соқтығысып, жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.
Оқиға 1 шілде күні шамамен сағат 22.00-де А.Черекаев көшесінде болды.
"ВАЗ-21099" және "Хундай" жедел жәрдем көлігі түйісті. Жол апаты салдарынан "ВАЗ-21099" көлігінің жүргізушісі басқа жедел жәрдем көлігімен ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Жеңіл көлікте отырған жолаушы қалалық көпбейінді ауруханаға жатқызылды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады ведомстводан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу