Оралда жеңіл көлік әйелді қағып мерт қылды

191

Қайғылы оқиға 29 наурыз күні шамамен 22.10-да болды.

Оралда жеңіл көлік әйелді қағып мерт қылды Фото: sn.kz

Оралда әйел адамды көлік қағып кетті. Зардап шегуші сол жерде көз жұмды. Полиция тексеру жүргізіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жүргізуші "Ауди 80" автокөлігімен әйелді Жәңгір хан көшесі бойында Шаған өзенінен өтетін көпір маңында қаққан.

– Марқұм жедел жәрдем көлігі келгенге дейін көз жұмды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеді. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде, – дейді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу