Су тасқыны қаупіне байланысты Орал қаласында 7 балабақша 16 сәуірден бастап қызметін уақытша тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Орал қаласы білім бөлімінен мәлім еткендей, шаһарда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялануына байланысты қауіпті тұста орналасқан № 2, 6, 12, 16, 17, 29, 33 мектепке дейінгі ұйымдары уақытша жұмыс істемейді.
Осы мекемелерде 1 018 бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр.
Бұлардан басқа балабақшалар қалыпты жағдайда бүлдіршіндерді қабылдап, өз қызметін атқарады.
"Қалада барлығы 50 мемлекеттік, 124 жеке балабақша бар. Жеке балабақшалар өздері шешім қабылдайды", - деп хабарлады ведомстводан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу