Оралда жетім баланы баспана үй кезегінен шығару туралы шешімді сот заңсыз деп тапты

285

2013 жылдан бері үй кезегінде тұрған азамат шешіммен келіспей, сотқа жүгінген.   

Оралда жетім баланы баспана үй кезегінен шығару туралы шешімді сот заңсыз деп тапты Фото: gov.kz

Оралда ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматты есептен шығару заңсыз деп танылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Батыс Қазақстан облысының соты азамат А.-ның 2013 жылдан бері коммуналдық тұрғын үй қорынан баспанаға мұқтаждар есебінде тұрғанын анықтаған. Алайда кейін ол белгісіз себептермен кезектен шығарылған.

Азамат бұл шешіммен келіспей, сотқа жүгінген. Сот оның әлеуметтік осал топқа жататынын ескеріп, тұрғын үй есебінен шығаруға заңды негіз болмағанын анықтады.

Сот шешімімен азаматты тұрғын үй кезегінен шығару заңсыз деп танылып, әкімшілік талап арыз қанағаттандырылды.

"Заң бойынша жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған, тұрғын үйге мұқтаж ретінде белгіленген тәртіппен есепке қойылған азаматтар баспанамен қамтамасыз етілгенге дейін тұрғын үй кезегінен шығарылмауы тиіс", – деп түсіндірді сот өкілдері. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу