БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті бұрынғы сүйіктісін интим сипаттағы суреттерін жариялаймын деп қорқытып, үш жыл бойы ақша талап етіп келген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Осы уақыт аралығында жәбірленуші оған 9 млн теңге беруге мәжбүр болған.
Бопсалау фактілері банктік аударымдар мен мессенджердегі хат-хабарлар арқылы дәлелденді.
– Күдікті 150 мың теңге көлеміндегі ақшаны кезекті рет алған сәтінде ұсталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Іс департамент басшылығының бақылауында, – деп хабарлады полиция.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу