Оралда "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" БҚО филиалының директоры қамауға алынды

729

Ол 2 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген.  

Оралда "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" БҚО филиалының директоры қамауға алынды Фото: facebook/Зауырбек Қыпшақбаев

30 қараша күні Орал қаласы мамандандырылған тергеу сотының судьясы Раушан Исмаилова Зауырбек Қыпшақбаевты екі айға, 2023 жылдың 29 қаңтарына дейін қамауға алу туралы санкция шығарды, деп жазады inbusiness.kz "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.

Зауырбек Қыпшақбаевтың пара алу ісін тергеумен БҚО бойынша ҰҚК департаментінің қызметкерлері айналысуда. Сондықтан істің мән-жайы жария етілмейді.

"Журналистер сакцияны жариялау үшін шақырылған. Онда судья Исмаилова істі Төлепов есімді тергеуші жүргізіп жатқанын оқып берді, оның тұтқынға алу туралы өтінішін БҚО прокурорының орынбарасы Александр Цуранков қолдаған. Зауырбек Қыпшақбаевтың қорғаушылары бұл іске қатысты ешбір түсініктеме берген жоқ, өйткені адвокаттар істің мән-жайын хабарлай алмайды. Алайда, бұл істе азаматтық-құқықтық қатынастар туралы келісім-шарт бар, сондықтан адвокаттар Қыпшақбаев тергеу кезінде бостандықта болады деп ойлаған", - делінген хабарламада.

Зауырбек Қыпшақбаев 33 жаста. БҚО тумасы. 2011 жылдан бастап  "Батысжоллаборатория" мекемесінде инженер болып қызмет еткен. "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" құрылған кезде оның бас инженері болған. 2021 жылы "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" БҚО бойынша филиалының директоры болған.

"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" 2019 жылы наурыз айында Үкімет қаулысымен құрылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу