Оралда екі көлік соқтығысып, 2 адам мерт болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқыс оқиға 9 қазанда Абай даңғылында болған. Lada Priora көлігінің жүргізушісі бұрылғалы жатқанда көліктің бүйіріне қатты жылдамдықпен Мercedes соғылады. Салдарынан Lada Priora-ның жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмған.
Бүгінде бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу