Оралда жолақы қымбаттады

535

Бұл туралы Орал қаласы әкімдігі мәлім етті.

Оралда жолақы қымбаттады Фото: inbusiness.kz

Орал қаласында 1 қаңтар, бүгіннен бастап автобуста жол жүру ақысы қымбаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты.

Орал қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес шаһар тұрғындары қоғамдық көлікте жолақыны қолма-қол ақшасыз - 100 теңгеден, қолма-қол ақшамен - 200 теңгеден төлейді.

Жолаушылар жаңа жылға дейін қолма-қол ақшасыз 80, қолма-қол 150 теңгеден төлеп келген еді.

Жаңа тарифті енгізу кезінде автобуста жеңілдікпен жүретін жолаушылар қатары кеңейтілді.

Атап айтқанда, зейнеткерлер мен құлағы естімейтін мүгедектер жолақыны 50 пайыз жеңілдікпен төлейді.

"Smart Qala Oral" ЖШС мәліметі бойынша зейнеткерлер 1, 2 қаңтар демалыс күні болғандықтан, көлік карталарын 3 қаңтардан бастап қаладағы Сырым Датұлы 4 (автовокзал) мекенжайынан сатып ала алады.

Ол үшін әр зейнеткер өзінің жеке куәлігі және зейнетақы кітапшасымен баруы қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу