Оралда жүргізуші куәлігін алғысы келгендер 6,5 млн теңгені алаяққа ұстатып жіберген

145

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Шаған полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде құрықтаған, деп хабарлады inbusiness.kz сайты.

Оралда жүргізуші куәлігін алғысы келгендер 6,5 млн теңгені алаяққа ұстатып жіберген Фото: policebqo

– Алаяқ Орал қаласы аумағында азаматтардың сеніміне кіріп, ақшаларын иемденіп кеткен. Күні бүгін оның әрекетінен жапа шеккен 13 тұрғын анықталды. Келтірілген жалпы шығын көлемі – 6,5 млн теңге. Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. БҚО полиция департаменті азаматтарға сақ болып, құжаттарды тек ресми жолмен рәсімдеу керектігін еске салады, – деп хабарлады ведомстводан.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу