Орал қаласында туристік компанияның атын жамылған алаяқ сотталды. Бұл туралы БҚО прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Ол анасын жеке кәсіпкер ретінде тіркеп, жалған туристік қызметін ұйымдастырған. Заңды бизнестің көрінісін жасай отырып, ол әлеуметтік желілерде жарнама орналастырып, клиенттермен ресми келісімшарттар жасап, фискалдық чектер берген және мессенджерлер арқылы байланыс жүргізген", – делінген хабарламада.
Бұл азаматтардың оның қызметіне деген жалған сенімін қалыптастырған.
"15-тен астам адам алаяқтың құрбаны болды. Орал қалалық сотының үкімімен қаскүнем екі және одан да көп адамға қатысты аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды", – деп хабарлады прокуратурадан.
Ол туризм саласындағы кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан 7 жыл мерзімге және 5 жылға бас бостандығынан айырылды.