Оралда жылу бағасын өсіру жайы қаралуда

962

Оған тасымалданатын газ құнының өсіп кетуі себепкер.

Оралда жылу бағасын өсіру жайы қаралуда

Батыс Қазақстан облысында "Жайықжылуқуат" АҚ басшылығының тарифті бірден 32 пайызға көтермек болған өтінімі  қабылданбады. Дегенмен, ол тұтынушының қалтасына салмақ түсірмейтіндей деңгейде аздап өсуі мүмкін, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Айта кетейік, комммуналдық мекеме қолданыстағы тарифті көтеру мәселесін наурыз айынан бері көтеріп келеді. Оның айтуынша, қазіргі баға шығынға құрылған, өзін өзі өтемейді. Ал 7 желтоқсан күні "Жайықжылуқуат" АҚ табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаментіне стратегиялық тауардың, яғни газдың құны өсуіне байланысты "Төтенше реттелетін шаралар" аясында ретінде 2026 жылға дейін қолданылатын тарифті өсіру жөнінде өтінім береді. Заңға сәйкес, ол он күн ішінде қаралауы тиіс. 

"2022 жылдың басынан газ тасымалдау құны көтеріледі. Егер біз бұған дейін мың текше метрге 2615 теңге төлеп келсек, енді 2719 теңгеден төлейтін боламыз. Біз барлығын қайта есептеп, өтініш беруді ұйғардық", - дейді мекеме басшысы Қуат Мусин. 

Қазіргі күні табиғи монополияларды реттеу комитетінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Алмас Отаров өтінімді қарастыру нәтижесінде тариф монополист сұраған  бағадан он есе төмен бағаға мақұлданғанын жеткізді. Нақтылай кететіні, уәкілетті орган бұл тарифты төтенше реттелетін шаралар ретінде бекіте алады. Мекеменің одан кейін де шектік тарифті белгілеу жөнінде өтінім беруге құқығы бар.

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу