Оралда қырықаяқтың уынан бес адам зардап шекті.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 35 жастағы тұрғын зяинкестерді жою үшін пәтеріне химиялық зат сепкен.
Салдарынан, көпқабатты үйде тұратын көршілері уланып қалған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметкері түнгі сағат 22:00-де бес адам жедел жәрдем арқылы қалалық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.
Олардың біреуі - ер адам, үшеуі әйел адам және біреуі бүлдіршін. Бәрі де таңға дейін дәрігерлердің бақылауында болып, жағдайлары тұрақталған соң үйлеріне жіберілген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу