Оралда зиянкес жәндіктерді жоюға 49 миллион теңге бөлінді

933

Оралда зиянкес жәндіктерді жоюға 49 миллион теңге бөлінді

Оралда шамадан тыс көбейіп кеткен шыбын-шіркей мен маса тұрғындарды әбден әбігерге салды. Биыл олармен күреске ел қазынасынан 49 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл қаражат зиянкестердің дернәсілдерін жою мақсатында 600 гектар жерді улауға жұмсалған. Улаудың екінші кезеңінде де тағы осыншама аумаққа у себілмек. Шыбын-шіркейден әсіресе қала маңындағы ауылдар мен саяжай тұрғындары зардап шегіп отыр.

"Зиянкестердің шамадан тыс көбеюіне көктем шыққалы жауған мол жаңбыр да себепші. Өйткені, ылғал жерлер олар үшін өте қолайлы. Сондықтан, келер жылы өңделетін алқаптардың көлемін ұлғайтып, улау шараларын авиацияның көмегімен жүргізу қажет",- дейді сала мамандары. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу