Орал қаласындағы Мәншүк Мәметова атындағы халықаралық әуежай қазан айында екі күнге жабылады. Әуежай ұшу-қону алаңында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жабылады.
"Әуе айлағы 8 қазанда сағат 2:00-ден бастап 10 қазанның 5:00-ге дейінгі уақыт аралығына жабылады. 12 қазан - резерв күні, сағат 1:30-дан 17:00-ге дейін. Бұл ұшақтарды пайдалану және жолаушыларға қызмет көрсету қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мәжбүрлі шара", деп хабарлайды "Мой город" басылымы әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жөндеу жұмыстарының уақыты қолайлы ауа райы жағдайларын және ұшу санының азаюын ескере отырып айқындалған.