Оралдағы дағдарыс орталығына ер адамдар да көмекпен жүгіне бастады

317

Мұнда қызметтің сегіз түрі көрсетіледі.

Оралдағы дағдарыс орталығына ер адамдар да көмекпен жүгіне бастады Фото: Inbusiness.kz

Орал дағдарыс орталығы 2013 жылдан бері жұмыс істеп, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетеді. 2022 жылдан бастап мұнда қызмет ала алатын адамдардың тізімі кеңейтілді. Сонымен қатар, орталыққа жыныстық зорлық-зомбылық көрген кәмелетке толмағандар заңды өкілдерінің сүйемелдеуімен қабылданады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Біз "Отбасы-Жанұя" отбасын қолдау консультативтік орталығын аштық, онда көп балалы, аз қамтылған және жалғызбасты азаматтар жүгіне алады. 2023 жылы бізде 100 адам тұрып, қызметтердің толық спектрін алды, оның 35-і әйелдер және 65-і балалар. Біз үшін бұл нақты белгіленген жұмыс. Біздің мамандар көп жылдар бойы қызмет етіп келеді, сондықтан олар кіммен жұмыс істеп жатқанын түсінеді. Олар қай әйелге қандай көмек көрсету керектігін біледі", – дейді директордың міндетін атқарушы Мария Дәулетярова.

Мой город сайтының жазуынша, дағдарыс орталығында сегіз қызмет түрі көрсетіледі. Отбасында зорлық көргендер мұнда алты айға дейін тұра алады. Балалармен тәрбиешілер жұмыс істейді. Дегенмен, 2019 жылдан бері орталық ер адамдарға да көмек көрсетіп келеді.

"Өткен жылы отағасы физикалық емес, экономикалық зорлық-зомбылықтың құрбаны болды. Ол ересек, отбасы да бар. Оның кәмелетке толған ұлы бар, қызы тұрмысқа шыққан. Бірақ әйелі дұрыс емес әрекет жасайды. Өзі жұмыс істейді, айлығын алған бойда әйелі бар ақшасын басып алып, заттарымен үйден қуып жібереді. Бірде әпкесімен, екінші рет досымен бірге тұрды. Бірақ бұлай үнемі жалғаса бермейді, ол заттарын алып вокзалға кетеді. Сол жерден бізге әкелді. Ол бізде бір-екі ай тұрды. Осы уақыт ішінде жалақысын жинап, жатақханадан бөлме жалдады", – дейді Мария Дәулетярова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу