Оралдағы киік мәселесі: Ресеймен шекарадағы қоршауларды ашу талқыланды

237

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетовпен БҚО Жәнібек ауданында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оралдағы киік мәселесі: Ресеймен шекарадағы қоршауларды ашу талқыланды Фото: Экология министрлігі

Кездесу барысында фермерлерді мазалап отырған мәселенің бірі киіктердің егістік және шабындық жерлерінің тапталуы талқыланып, шаруалардың ұсыныстары қарастырылды.

Өз кезегінде министр шаруа қожалықтары жерлеріне киіктер таптауынан келтіріліп отырған қысымды азайту және алдын алу мақсатында министрлік тарапынан бірқатар шаралар жоспарланып отырғаны туралы жеткізді.

Ерлан Нысанбаев Жәнібек ауданында Ресейдің Табиғи ресурстар және экология министрлігінің өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында киіктердің орал популяциясы мезгілдік миграциясына кедергі болып тұрған шекаралық қоршауларда өткелдер ашу мәселесі талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу