Оралдағы қонақ үйден ер адамның мәйіті табылды

586

Оралдағы қонақ үйден ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.    

Оралдағы қонақ үйден ер адамның мәйіті табылды Фото: lada.kz

"16 қарашада сағат таңғы 08:10 уақыт шамасында Оралдағы қонақ үйлердің бірінен 35 жастағы ер адамның өлі денесі табылды. Өлім болған бөлмеде 28 жастағы әйел адам болған. Ол осы ауыр қылмысқа қатысы бар екенін мойындады. Оқиға бойынша тексеру амалдары жүргізіліп, күдікті мойындау айғақтарын берді", - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті Орал қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Егер оның кінәсі толық ашылса ол ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сегіз жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу