Оралда ер адамның басына кірпіш құлап, қаза тапты

156

68 жастағы азамат құрылысы салынып жатқан үйдің жанынан өтіп бара жатқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оралда ер адамның басына кірпіш құлап, қаза тапты Фото: politico.kz

9-қабатты тұрғын үйдің құрылысына жеке компания жауапты. Құрылыс әлі бітпеген.

Оқыс оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу басталды.

Былтыр да қалада ескі үйдің жанынан өтіп бара жатқан әйел адамның басына кірпіш құлап, сол жерде қаза тапқан еді.

"Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деді Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің өкілі Әлима Ғарифуллина. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу