Оралдағы негізгі даңғылды қайта жаңартуға 20 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалмақ

513

Жобаны іске асыру мерзімі 5 жылдан аспауы тиіс, деп жазады inbusiness.kz "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.  

Оралдағы негізгі даңғылды қайта жаңартуға 20 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалмақ Фото: mgorod.kz

Орал көркемдік кеңесінің кеңейтілген отырысында Н.Назарбаев даңғылын қайта жаңарту туралы айтылды. Аталмыш даңғыл ұзындығы бес жарым шақырымнан асады, оның бойында 264 ғимарат орналасқан.

"Қаланың сәулет бөлімі даңғылдың дизайн-кодын әзірлеп, бекітті. Оның негізінде тұрғын-үй шаруашылық бөлімі мердігерді анықтауға конкурс өткізуді ұйымдастыру үшін техникалық сипаттама дайындайды" - делінген кеңесте.

Жобаға жаңа инженерлік желілерді төсеу, нөсер кәрізінің құрылысы, арық жүйесін қайта құру, тротуарларды кеңейту, велосипед жолдарын төсеу және т.б. кіреді.

Ақпаратқа сәйкес, жоба Пугачев көшесінен Сарайшық көшесіне дейін және Сарайшықтан Ә.Молдағұлова көшесіне дейін екі кезеңге бөлінбек.

Жобалық жұмыстардың болжалды құны – 200 млн теңгеге жуық, ал құрылыс-монтаждау жұмыстары 20-25 млрд теңгені құрайды. Ақпаратта жобаның нақты құны бағалау жұмыстарынан кейін белгілі болатыны жазылған.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу