Оралдағы өндірістік кәсіпорындарға маман жетіспейді

1154

Оралдағы өндірістік кәсіпорындарға маман жетіспейді

Оралда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жыл басынан бері 6-шы рет ұйымдастырылған шараға 50 шақты кәсіпорын өкілдері қатысып, 800-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды, деп хабарлайды khabar.kz.

Қазіргі уақытта қаладағы 12 өндірістік кәсіпорынға 237 маман қажет. Құрылыс кәсіпорындары 22 бос орын ұсынып отыр. Қалада электр маманы, темір ұстасы, электр-газбен дәнекерлеуші, аспаз және тас қалаушылар еңбек нарығында сұранысқа ие. Жәрмеңке барысында жастар практикасынан өтудің тиімділігі, кәсіпкерлік негіздері, әлеуметтік және қоғамдық жұмыс орындарына орналасу жайы түсіндірілді. Бұл жолғы жәрмеңкенің тағы бір мақсаты – бұрын сотталған жастардың жұмыс табуына жағдай туғызу. Жыл басынан бері пробация қызметінің араласуымен осындай 50 шақты адам тұрақты жұмыс тапқан.     

"Жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп, сотталғандарды жұмысқа орналастырамыз. Әлеуметтік бағдарлама бойынша біз оларды оқуға жібереміз және медициналық көмек көрсетеміз", - дейді қылмыстық атқару жүйесі қалалық пробация қызметінің инспекторы Бейбіт Сәрсенов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу