Оралдағы полиция бөлімінде тәртіп сақшысы көз жұмды

1291

Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. 

Оралдағы полиция бөлімінде тәртіп сақшысы көз жұмды

Оралдағы полиция бөлімінде тәртіп сақшысы атылған оқтан көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Мой город" порталының дерегінше, қайғылы оқиға бүгін, 3 желтоқсанда шамамен таңғы сағат 8:00-де болған.

"Ер адам оқиға орнында көз жұмды.  Ол – 2001 жылы туған полиция сержанты. Ол полиция басқармасында вахтада тұрған", - деп жазылған хабарламада.

Оқиғаның мән жайы анықталып жатыр.

"Мен ештеңе білмеймін", - деп БҚО ПД-нің баспасөз қызметінің өкілі телефон тұтқасын қоя салды.

Облыстық прокуратура бұл ақпаратты растаған да, жоққа шығарған да жоқ.

Орал қаласының полиция басқармасы сағат 11:00-де журналистерді брифингке шақырды. Бірақ кейін іс-шара өтпейтін болды.

Қазіргі таңда оқиға орында криминалистер мен жедел уәкілдер жұмыс істеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу