Оралдағы тергеу изоляторындағы тұтқындар "жол" жасап, әйелдер камерасына кірген

423

Сотталғандардың бірі оқиғаны видеоға түсірген.

Оралдағы тергеу изоляторындағы тұтқындар "жол" жасап, әйелдер камерасына кірген Фото: inbusiness.kz

Бұл жайттан кейін БҚО ҚАЖД кінәлі лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

Қабырғадағы саңылау қамауға отырған ер адамдарға әйелдер камерасына заңсыз кіруге мүмкіндік берген.

"Мекеме әкімшілігінің қызметкерлері аталған деректі осы жылдың шілде айында анықтады. Жүргізілген қызметтік тергеу нәтижесінде кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Осындай бұзушылықтарды болдырмау мақсатында әйел адамдар отыратын камералар жеке блокқа ауыстырылды", - делінген хабарламада.

Осыған дейін жергілікті басылымда mgorod.kz Оралдағы тергеу изоляторында түсірілген бейнежазба тарады. Роликтің авторы тұтқындардың ескі ғимараттың қабырғасында саңылау жасап, әйелдер камерасына өтіп кеткенін айтқан.

"Басшылық тарапынан бақылау мүлдем жоқ. Осылай адамдар қашады", - делінген бейнежазбада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу