Оралдағы тергеу изоляторының 4 қызметкері сотталғандарды азаптады деген күдікке ілінді

803

Қызметкерлерге қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.

Оралдағы тергеу изоляторының 4 қызметкері сотталғандарды азаптады деген күдікке ілінді

Орал қаласы тергеу изоляторының 4 қызметкері темір торға қамалғандарды азаптады деген күдікке ілінді, деп жазады inbusiness.kz "Мой ГОРОД" порталына  сілтеме жасап.

БҚО ҚАЖД РУ-170/1 мекемесінің қызметкерлері 2021 жылдың наурыз айында бірнеше сотталғандар мен қамауға алынғандарға дене жарақатын келтірген. БҚО прокуратурасы өкілдерінің айтуынша, аталған қызметкерлер бұрын орын алған жанжал үшін тұтқындарды жазалағысы келген.

"Бұл іс-әрекеттер адам құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстан ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына қарама-қайшы. Тергеуде жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы пайымдауға негіз болатын жеткілікті деректер жиналды", – деп түсіндіреді прокуроратура.

Тергеу изоляторларының қызметкерлеріне қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 146-бабы "азаптау" бойынша айып тағылып отыр. Қылмыстық іс Орал қалалық сотында қаралып жатыр. Екі сотталушыға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы, қалғандарына қатысты келу міндеттемесі таңдалған.

Фото: Total.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу