Оралдағы түнгі клубта қызға шабуыл жасаған ер адам ұсталды

340

Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарады.  

Оралдағы түнгі клубта қызға шабуыл жасаған ер адам ұсталды Фото: Видеодан скриншот

Кадрларда қыздың еденде отырғаны және өзіне шабуыл жасаған ер адамнан қорғануға тырысқаны көрінеді. Бір сәтте ол ер адамды итеріп жібереді. Бұдан кейін ер адам қыздың басына сынған шыны затпен соққы жасаған, деп жазады inbusiness.kz сайты Baq.kz порталына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде күдіктінің құқық қорғау органдарының қазіргі қызметкері екені туралы ақпарат тарады. Алайда Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті бұл мәліметті жоққа шығарып, ұсталған адамның ведомствоға қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бейнежазбаға түскен ер адам ұсталып, полицияға жеткізілді. Тергеу жалғасуда және БҚО полиция департаменті басшылығының бақылауында", – деп хабарлады полиция.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу