Оралдағы түзету мекемесінде 46 жастағы ер адам өз-өзіне қол жұмсады

195

Оқиға 13 тамыз күні болған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Оралдағы түзету мекемесінде 46 жастағы ер адам өз-өзіне қол жұмсады Фото: Әсет Құндақбаев

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, "Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің түзету мекемесінде 1978 жылғы жазасын өтеуші өз өмірін қиған. Аталған дерек Зашаған полиция бөлімінде тіркелді. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомство.

Ведомство баспасөз қызметі ақпаратты кейін беретінін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу