Оралда Ұлттық ұланның 55/17 әскери бөлімінде Отан қорғаушы күніне орай ашық есік күні ұйымдастырылды. Шараға шақырылған Ұлы Отан соғысының ардагерлері, олардың отбасы мүшелері мен шәкірттер назарына ауқымды мерекелік бағдарлама ұсынылды.
Алаңда салтанатты түрде сап түзеген отан сақшылары марапатталып, жұртшылық әскери оркестрдің өнерін тамашалады. Қоян-қолтық ұрысты жетік меңгерген жауынгерлер сындарлы сәтте қиындыққа қарсы тұра алатынын паш етті. Қызметтік иттердің із кесудегі әдіс-тәсілдеріне де көпшілік тәнті болды. Ал Жеңіс күнін жақындатқан соғыс ардагерлері арнайы құрылған шатыр астында сарбаз ботқасынан дәм татты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу