Оралдағы жылу орталығы 1 млрд теңге қарызы үшін газсыз қалды

77

Арада бір күн өткенде жергілікті әкімдік бюджеттен қаржы бөлу туралы шешім шығарды.  

Оралдағы жылу орталығы 1 млрд теңге қарызы үшін газсыз қалды Фото: inform.kz

Оралда "Жайықжылуқуат" АҚ жылу беру маусымы қарсаңында газдан ажыратылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған кәсіпорынның "QAZAQGAZ Aimaq" АҚ алдындағы 1 млрд теңге қарызы себеп болған.

"Жайықжылуқуат" АҚ 13 қыркүйектен бастап негізгі жабдықтарын жоспарлы түрде тоқтатып, жөндеу, профилактикалық және диагностикалық жұмыстар жүргізген. Жабдықтарды сынақтан өткізу де жоспарланған. Кәсіпорынды қайта іске қосу 21 қыркүйекке белгіленген болатын.

- 16-қыркүйекте жылуөэлектр орталығындағы барлық қажетті жұмыс аяқталды. Кәсіпорынды қайта іске қосуға дайындық кезінде табиғи газ жеткізуші алдындағы берешегін өтеу мәселесі туындады. Бүгінгі күндегі жағдай бойынша "Жайықтжылуқуат" АҚ-ның "QAZAQGAZ Aimaq" АҚ алдындағы табиғи газ бойынша берешегі 3,542 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде 1 млрд теңгені жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтеу жоспарланып отыр. Қалған берешек сомасы бойынша кезең-кезеңімен өтеу кестесі әзірленеді. 17- қыркүйек сағат 09:00-дегі жағдай бойынша Орал ЖЭО-на табиғи газ беру қайта басталды. Қазіргі уақытта жабдықтарды іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Бүгін сағат 17:00-ге дейін тұтынушылар ыстық сумен қамтамасыз етіледі,- деп хабарлады Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Батыс Қазақстан облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы қарызды жергілікті бюджет есебінен өтеу туралы шешім қабылданғанын хабарлады.

Ал "QazaqGaz Aimaq" АҚ газ беру қайта қалпына келтірілгенін мәлімдеді. Компанияның ақпаратынша, қарызды өтеу мәселесіне қатысты келіссөздер жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу