Ұшақ жүйелері мен қозғалтқыштарының жұмысында ауытқулар болмағандықтан, экипаж ұшуды жалғастырып, Астана қаласының әуежайына штаттық режимде қонады.
"Ұшақ келгеннен кейін сол қозғалтқыштағы компрессор қалақшалары мен фюзеляжда көптеген зақымданулар анықталды. Сондай-ақ, құстардың қалдықтары қозғалтқышта және басқа жерлерде табылды. Орал әуежайында осындай оқиғаларды болдырмау мақсатында құстардың түрлерін анықтау үшін ДНК-тестілеуге жіберіледі", – делінген Air Astana компаниясының хабарламасында.
Хабарламада көрсетілгендей, 2024 жылы құстармен соқтығысу дерегі 2023 жылмен салыстырғанда 30%-ға көбейген. Атап айтқанда, Air Astana компаниялар тобы 203 оқиға тіркепті.