21 сәуірде Мәншүк Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайынан Египетке ұшу басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz mgorod.kz порталына сілтеме жасап.
Жолаушылар Оралдан Мысырға бес күнде бір рет ұша алады.
"Оралдан шығатын әуе рейстерін көбейту – басты мақсатымыз. Сондай-ақ, өңір тұрғындарына ел ішінде сұранысқа ие бағыттар бойынша, сондай-ақ танымал шетелдік курорттар бойынша тікелей рейстердің қолжетімді болуын көздеп отырмыз. Египетке чартерлік бағдарламаның басталуы бұл мәселені шешудегі маңызды оқиға болды", деді әуежайдың бас директоры Рустам Бектеміров.
Айта кетейік, өткен жылы жазда Оралдан Түркияның Анталия қаласына маусымдық рейстер қосылған болатын. Биыл мамыр айында қайта жалғасады.