Оралдан ұшқан FlyArystan ұшағы Алматыға 18 қараша күні сағат 06.15-те жетуі керек болған еді, деп жазады inbusiness.kz.
Алайда бір жолаушы өзін жайсыз сезінгендіктен, ұшақ амалсыздан Ақтөбеге қонды.
ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Оралдан Алматыға бет алған ұшақ 18 қараша күні сағат 05.20-да Ақтөбе қаласындағы әуежайға қонды.
"Ақтөбеге қонуының себебі – 1963 жылы туған ер адамның денсаулығы нашарлаған. Ол Ақтөбе қаласындағы жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды", – деп хабарлады ведомство.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу