Оралдық әйел жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне қалдырды

482

Қазір ол жасаған қылмысы үшін сот шешімін күтіп отыр

Оралдық әйел жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне қалдырды Фото: google.com

Оралда босанып, сәбиін қоқыс жәшігіне қалдырып кеткен әйел істеген әрекетінің себебін түсіндірді. Ол күйеуімен ажырасқандықтан төртінші перзентіне жүкті екенін басынан ата-анасына айта алмапты. Ал кездесіп жүрген жігіті бала туралы естігенде бас тартқан, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

 

25 жастағы ару қазір төрт баланың анасы. Айтуынша, ол екі жыл бұрын күйеуімен ажырасып кеткен. Бұрынғы күйеуі бала тәрбиесінде оған көмектеспеген. Тек алимент төлеп отырған. Үш баласы әлі кішкентай болғандықтан ол жұмыс істей алмағанын айтады.

"Төртінші жүктілігімді білгенде бірден жігітіме хабарластым. Ол алдымен тұтқаны қоя салды. Кейін қайта хабарласып, қалағаныңды істе деді. Мен ата-анама айтуға қорықтым. Олардың ашуланып, айғайлап, балағат сөздер айтатындарын білдім", - деді келіншек.

Ол балалары және ата-анасымен жалдамалы пәтерде тұратынын айтты. Толғағы келгенде ата-анасы мен балалары ұйықтап жатқан.

"Босану басталған бойда моншаға бардым. Өзім босанып, кіндігін өзім кестім. Кейін баланы жуындырдым. Мұның барлығы сағат таңғы төрттер шамасында болды. Көшеге шығып, не істеймін деп ойландым. Көз алдымның бәрі бұлыңғыр болды, әрі қарай өзімнің қандай күйде болғаным да есімде жоқ", – деп еске алды ол.

Оқиғадан кейін үлкен балалары әкесінің қасына, қоқыс жәшігіне тастап кеткен нәрестесі сәбилер үйіне орналастырылған. Бойжеткен істеген ісіне өкінетінін, балаларының бәрін өзіне қайтарғысы келетінін айтады.

Қазір әйел жасаған қылмысы үшін сот шешімін күтіп отыр. Шешім шыққан соң сәбидің қайда қалатынын қорғаншылық органдары шешеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу