Батыс Қазақстан облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі Баку қаласында Рашид Бейбутов атындағы Әзербайжан мемлекеттік музыкалық театрында "Ұлы дала шерткен сыр" атты концерттік бағдарламасын қойды, деп хабарлайды БҚО өңірлік коммуникациялар қызметі.
Оркестр сапарының мақсаты "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында шетелдіктерге қазақ мәдениеті мен өнерін насихаттау. Көрермен назарына қазақ халқының дәстүрлі әндері мен өзге де туындылар ұсынылды. Құрманғазының "Сарыарқа", "Балбырауын", Сыдық Мұхамеджановтың "Шаттық" күйлері орындалды.
Шара соңында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Батыс Қазақстан облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестріне ықылас гүлін сыйлап, шығармашылық ұжымға алғысын білдірді.