Оралдық прокурор 2 қылмыскерді қарусыздандырды

189

Батылдығы үшін Жандос Қуанышбековті полиция департаменті ведомстволық медальмен және бағалы сыйлықпен марапаттады.    

Оралдық прокурор 2 қылмыскерді қарусыздандырды Фото: t.me/GenPr

БҚО Орал қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Жандос Қуанышбеков 30 қаңтарда кешкі уақытта "Қауіпсіз өңір" жобасы аясында қалада рейдтік шаралар кезінде, белгісіз азаматтың көмек сұрап айқайлаған дауысын естіп, оқиға орнына дереу барған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқиғаның мән-жайын анықтаған соң, ол жедел түрде 2 адамды құрықтап, полиция шақырған.

Прокурордың шұғыл әрекеті нәтижесінде қылмыскерлер ұсталып, полицияға тапсырылды. Жеке тінту барысында күдіктілердің бірінен есірткі заттары табылды.

БҚО прокуратурасы мәліметінше, қазіргі уақытта заңсыз бас бостандығынан айыру, бопсалау және есірткі заттарын сақтау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Күдіктілерге қатысты соттың санкциясымен "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу