Оралда бір мезетте 200 адам арқан тартысып, ел бойынша рекорд орнатты. Бұған дейін мұндай ауқымды жарыс Қазақстанда әлі тіркелмеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жарыс қаладағы Тұңғыш Президент атындағы орталық алаңда өтті. Онда "Жайық" пен "Еділ" командалары қатысты.
Шараға арнайы келген Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов рекорд орнатылғанын жариялап, сертификатты салтанатты түрде табыстады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу