Оралдықтар сусыз отыр

912

Оралдықтар сусыз отыр

Орал шаһарының бірқатар бөлігі бірнеше күннен бері сусыз отыр. Оған 30 сәуір күні кәріз құбырының жарылуы себеп. Қазір су тұрғындарға кесте бойынша тәулігіне тек бірнеше сағатқа беріледі, деп хабарлайды 24.kz.

Салынғанына небәрі  9 жыл ғана болған кәріз жүйесінің істен шығу себебін қала әкімдігі жанынан құрылған арнайы комиссия анықтамақ. 
"Техникаларды уақытша жол қызметінен алып жатырмыз. Өзіміздің техника жетпей жатыр. Жердің опырылу себебі – құбырдың сапасы. 2009 жылы құрылыс болды, кәріз құбырын ауыстырды, диаметрі 1000 мм әйнекпластикқа", - дейді "Батыс су арнасы" ЖШС техникалық директоры Асылбек Әміров.

Бүгінде су алты ықшамауданға белгіленген кестемен бірнеше сағатқа берілуде. Кәріз коллекторындағы тұрба жарылған жерден келесі құдыққа дейін шайынды су жер бетіндегі қосалқы құбырмен айдалуда. Арадағы 64 метр тұрба таяу күндері ауыстырылады. Алайда 10 шақырымдық коллектордың өзге бөлігінің жайы нешік деген сауалға қала әкімінің жанынан құрылған арнайы комиссия жауап іздемек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу