Оралдың бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

400

Ол City Transportation Systems ЖШС астаналық көлік компаниясы төрағасының орынбасары болды.

Оралдың бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды Фото: "Орал апталығы" газеті

Орал қаласының бұрынғы әкімі Абат Шыныбеков City Transportation Systems ЖШС астаналық көлік компаниясы төрағасының орынбасары - басқарма мүшесі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Абат Шыныбеков бұл қызметке биыл қыркүйекте тағайындалды. Бұл қызметте ол келесі бағыттар бойынша жұмысты үйлестіреді:

серіктестік қызметін құқықтық сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
серіктестіктің әкімшілік-шаруашылық қызметін қамтамасыз ету;
серіктестік мүдделерін қорғауды және өкілдік етуді қамтамасыз ету;
мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастыру.

Айта кетейік, 50 жастағы Абат Шыныбеков бұған дейін 2019-2022 жылдар аралығында Орал әкімі лауазымында жұмыс істеген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу