Оралдағы ойын алаңында жеті жасар бала саусағын кесіп алды

Баланың кішкентай саусағы сырғанақтағы ағаш тақтай мен металл қаңылтырдың арасына тұрып қалған. 

Оралдағы ойын алаңында жеті жасар бала саусағын кесіп алды Фото: zaki_consulting

"Әділдік жолы" ҚБ филиалының өкілі Бауыржан Ахметжан Instagram желісіндегі парақшасында 6 сәуір күні Сарытау шағын ауданындағы М.Мөңкеұлы көшесіндегі ойын алаңында жеті жасар бала саусағының жартысын кесіп алғанын хабарлады.

Дәрігерлер оған "Оң қолдың бесінші саусағының жарақаттан кейінгі ампутациясы" деген диагноз қойды.

 "18 сәуірде баланың анасы бізге арызбен хабарласты, біз оның арызын БҚО прокуратурасына ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы бойынша қылмыстық іс қозғау үшін жолдадық", – дейді Ахметжан.

Бауыржан Ахметжанның айтуынша, спорт кешені 2020 жылы 53,4 млн теңгеге салынған. Кепілдік мерзімі екі жыл.

 "Әкімдіктің кінәсі – олардың өз нысандарын бақылаусыз қалдыруы деп есептейміз. Ойын құрал-жабдықтарын мұқият қарап шықпай, баланы ойнауға жібергенде ата-аналар да немқұрайлы қарайды", – деп түйіндеді спикер.

 Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі баланың жедел жәрдеммен жеткізілгенін, дәрігерлер қабылдау кезіндегі жағдайын орташа ауыр деп бағалағанын хабарлады.  Оған қолдың бесінші саусағының травматикалық ампутациясы диагнозы қойылды. Баланың саусағы кесіліп, дезартикуляциялау отысы жасалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу